Халықаралық жарыстағы Ташбай Анельдің ерекше нәтижелері

23.04.2024

Беларуссияның ең көне қалаларының бірі Мозырь қаласында өткен халықаралық жарыстарда велотрек бөлімшесінің спортшысы Ташбай Анель ерекше нәтижелер көрсетті.

Жеке жарыста Анель 1-ші орынға ие болды және критериум жарысында 2-ші орын алды. Осылайша споршы қызымыз ерекше шеберлігін және мықты төзімділігін көрсетіп, бұл жолды теңдесі жоқ жылдамдықпен және сенімділікпен жеңе білді. Спортшымыз техникасы мен жарыс стратегиясының өте мықты екенін көрсетті.

Сонымен қатар жарыста Анель Ташбай тек дене шынықтыру дайындығын ғана емес, сонымен қатар стратегиялық ақыл-ойын да паш етіп, қарсыластарының күшті және әлсіз жақтарын жарыс жолында шешім қабылдау арқылы анықтай алды. Бұл спортшымыздың жеңісін одан әрі әсерлі ете түсті. Жарыс жолындағы үстемдігі айқын Анельдің бұл жеңісі спортқа деген адалдығының жарқын мысалы болды.

Спортшы Анельді марапаттарымен құттықтаймыз!

Бөлісу: