Жаңалықтар
Велосипедшілердің жаттығу жиыны Текелі қаласында өтеді
Ағымдағы жылдың 20-29 сәуір аралығында Жетісу облысының Текелі қаласында "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының велосипед спорты бөлімшесінің (жасөспірім қыздар, тас жолы) спортшыларына арналған арнайы дене шынықтыру даярлығы бойынша оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде.
ОЖЖ негізгі мақсаттары мен міндеттері спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттыру, жалпы және арнайы дайындықты дамыту, жүктеме қарқындылығына дайындық, тірек-қимыл аппаратын нығайту, сондай-ақ спортшылар командасымен психологиялық жұмыс істеу болып табылады.
Жаттығу жиынына 6 споршы және аға жаттықтырушы төменгі тізімде қатысады:
1. Элькина Мария
2. Удовыкина Екатерина
3. Буренкова Ангелина
4. Алина Венглинская
5. Титова Таисия
6. Әділбек Дамиля
7. Брусенская Валентина – аға жаттықтырушы.