Орталық басшылығы туралы

Шарипова Саным Мухтаровна

"Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК, директордың орынбасары

С.М. Шарипова 1972 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиет оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі

2001-2012 жылдары мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары – «Алау» МС қонақ үйінің директоры, Астана қаласы.

2014-2016 жылдары - Астана қаласы «Алау» МС «Андрес-Спорт» ЖШС директоры.

2016 жылы - Алматы қаласы «Almaty Sports City», «Халық Арена» және «Алматы Арена» ЖШС бас директоры.

2016-2017 жылдары – «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекциясы» МҚ Атлетикалық ауылды басқару департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары - Алматы қаласы Almaty Mountain Resorts ҚБ тау туризмін және спорттық бағдарламаларды дамыту менеджері.

2018-2019 жылдары - Алматы қаласы «Almaty Sports City», «Халық Арена», «Алматы Арена» ЖШС дамыту жөніндегі директоры.

2019-2020 жылдары - Алматы қаласы «МЕDEҮ» МYZ АIDYNY» - «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы» ЖШС басқарушысы.

2021 жылғы 9 маусымнан бастап «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.