Атудан Әлем кубогінің күмісі Қазақстан спортшыларының қанжығасында

04.05.2024

Ағымдағы жылғы 1-12 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден рейтингтік Әлем кубогінде пневматикалық пистолет жаттығуы бойынша (10М) Валерия Попелова мен Эльдар Иманкулов аралас жұбы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Спортшыларымыз мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!!!

Аталған Әлем кубогінде 84 елден 699 спортшы өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасының сапында 21 спортшы бар. Спортты дамыту дирекциясы есебінен 19 спортшы, «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК есебінен 2 спортшы (О.Аксенова, К.Федькин) қатысып жатыр.

Бөлісу: