САДАҚА АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

04.05.2026

САДАҚА АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

5–12 мамыр аралығында Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогының ІІ кезеңі өтеді. Аталған халықаралық додаға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының бес спортшысы қатысады.

Команданы тәжірибелі жаттықтырушылар Жұмат Бузауов пен Виталий Шин бастап барды.

Қазақстан құрамасының атынан сынға түсетін спортшылар:
– Александра Землянова
– Самира Жумагулова
– Бунёд Мирзаметов
– Диана Турсунбек
– Диана Юнусова

Аталған жарыс әлемнің үздік садақшылары бас қосатын маңызды спорттық дода болып табылады. Қатысушыларға жоғары нәтижелер мен сәтті өнер көрсетулер тілейміз.

Бөлісу: