ТРИАТЛОН

06.05.2026

ТРИАТЛОН
 
2026 жылы «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының триатлон бөлімінде 42 спортшы жаттығады.
Жас ерекшеліктеріне қарай спортшылар үш топқа бөлінеді:
 
жастар тобы – 10 спортшы;
юниорлар тобы – 20 спортшы;
жасөспірімдер тобы – 12 спортшы.
 
Спортшылармен тұрақты түрде 2 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың жоғары біліктілігі мен тәжірибесі әр спортшының спорттық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
 
Оқу-жаттығу процесі жоспарлы түрде ұйымдастырылып, бекітілген бағдарлама негізінде өтеді. Бұл спортшылардың тұрақты дамуына және нәтижелерін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу: